Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан. Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі хабарлайды.  

Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды.

Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы балалар.

Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған/ ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *