НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан.Осы аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты қылмыстық істер сотқа берілді деген мәлімдеме таратты. Оларды террористік қызметке, терроризмді насихаттауға және азғыруға қатысуға айыптайды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер Сирияда ДАИШ тыйым салынған ұйымының бір жасағынын қатарында болған.Естеріңізге сала кетсек, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы балалар.Осы мақсаттарға мемлекет тарапынан ресурстар мен күш-жігерді жұмсау керек пе? Қайта оралған адамдарды бейбіт өмірге бейімдеу мәселелері қандай?
Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитетінің» президиум төрағасы Аманжол Оразбаев Хабар 24 материалында айтты.