НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Австрияның Грац қаласында сот үкімімен шығу тегі түрік имамы жастарды «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатарына тартқаны үшін жеті жылға сотталды,деп Islam today хабарлайды.
Сотталған діни қызметшінің аты аталмайды. Тек 47 жаста екені ғана белгілі. Ол лаңкестер қатарына шетелдіктерді тартумен айналысқан діни топты құруда және басқаруда кінәлі деп танылды. Діни қызметкер өзінің кінәсін мойындамады.
Осы іс бойынша тағы үш ер адам алты жылға, бес жылға және бес айға шартты мерзімге сотталды. Сот олар Сириядағы ДАИШ мүшелерімен байланыста болғанын анықтады.