Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Красноярск тұрғыны лаңкестік ұяшықты ұйымдастырғаны үшін 17 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Красноярск қаласында «әрекетсіз» лаңкестік ұйымның мүшелері мен ұйымдастырушылары 17 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. 

ФҚҚ 2017 жылдың басында Красноярск тұрғыны өздерін «Красноярск жамағаты»деп атаған тұлғалар тобын ұйымдастырғанын хабарлады. Жеті адамнан тұратын құрылым лаңкестікті насихаттау, ақтау, қолдау және қаржыландыру үшін құрылған халықаралық террористік ұйымның «әрекетсіз» ұяшығы болып табылады. Террористік белсенділігі жоғары елдерге жіберу үшін топтың жаңа мүшелерің Собор мешітінде, намаз бөлмелерінде, қаланың халал дәмханаларында және қаланың жоғары оқу орындарының студенттері арасынан іздеп, тартқан. Сондай-ақ, ұяшық мүшелері лаңкестерді қолдау үшін шет елдерге ақша жіберді. Тінту кезінде тыйым салынған әдебиет табылды.

«Красноярск қаласында халықаралық террористік ұйымдармен байланысты «Красноярск жамағаты» деп аталатын лаңкестік ұйымның ұйымдастырушылары мен мүшелері сотталды», — делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, ұяшықтың негізгі ұйымдастырушысына қатаң режимдегі колонияда 17 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған фигуранттарға – 5,5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *