Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде жарты жылда 120-дан астам адам лаңкестік үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында  Ресей соттары 121 адамды лаңкестік үшін соттады, осы санатта ақтау үкімдері, өткен жылдардағыдай, болған жоқ делінген РФ Жоғары сотының жаныңдағы сот департаментінің статистикасында, деп  РИА Новости жазады.

Лаңкестік әрекеттер үшін соттар тоғыз үкім шығарды, қалғандары — тарту, лаңкестікке шақыру және оны мақұлдау, лаңкестік ұйымдарға қатысу және оларды қаржыландыру үшін. Мәжбүрлеп емдеуге сотталушылардың біреуі ғана жіберілді.

Сонымен қатар, жарты жылдықта  лаңкестік туралы жалған хабарлама үшін соттар 265 үкім шығарды (бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама кем), екі адамға қатысты іс тоқтатылды, 16-сы  мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

ФҚҚ басшысы Александр Бортниковтың айтуынша, Ресейде терактілер қаупі сақталып отыр, жыл басынан бері 39 теракттің алды алынды, 49 террористік ұяшықтар әшкереленді, 32 содыр жойылды.

Ресейліктер лаңкестер жағында  соғысу үшін шетелге кетуді  жалғастыруда, бірақ бұрынғы жылдармен  салыстырғанда аз қарқынмен: осындай 5 мыңнан астам адам анықталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады.

Бұл саладағы үрдістердің бірі — террористер крипто-валюта және краудфандинг платформаларын жиі пайдаланады, биржалардағы сауда-саттыққа қатысатын және экономикаға инвестиция салатын жалған компаниялар жасайды.

Бұл саладағы үрдістердің бірі – лаңкестер крипто-валюта мен краудфандинг платформаларын жиі пайдаланып, биржалардағы сауда-саттыққа қатысатын және экономикаға инвестиция салатын жалған компанияларды құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *