Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бір айда 50 келіден астам есірткі тәркіленді — ІІМ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. Өткен аптада Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының полицейлері «Көкнәр» операциясы барысында оңтүстік өңірден еліміздің шығысына марихуана және гашиш жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұзақ дайындық және бірлескен жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болмаған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол есірткі өткізу үшін басқа өңірлерге марихуана тасымалдаған. Марихуананы Жамбыл облысы Түймекент ауылында туысқанының үйінде сақтаған және сол жерде ұсталған. «

Санкцияланған тінту барысында күдіктіден екі ұялы телефон және марихуана өткізуден тапқан 28,5 мың теңге ақша алынды. Түймекент ауылында кинологтың қатысуымен және қызметтік ит арқылы үйді тінту кезінде шаруашылық үй-жайда салмағы 30 кг аса марихуана және 2,4 кг гашиш табылды. Осы облыстың аумағында тағы бір ұқсас дерек анықталды. «Тәтті-Сары-Қобы» тасжолының маңынан 49 жастағы Мерке ауданының тумасы ұсталды, полиция қызметкерлері одан 12 кг астам марихуана салынған бір қап алды. Сондай-ақ, Павлодар облысында жергілікті тұрғынның үйінің кіреберісін тінтігенде салмағы 71 гр героині бар 2 орама табылды» делінген хабарламада.

Дәстүрлі есірткі түрлерімен қатар, психотропты заттарды тарату фактілері де бар. Осылайша, Өскемен қаласында есірткі өткізу фактісі бойынша жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жасырын орнынан жалпы салмағы 8,3 гр психотроптық заты бар 20 полимер бумасы табылып, алынды.

Жалпы апта ішінде елімізде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметі есірткінің заңсыз айналымына қатысты 33 қылмысты анықтап, тіркеді.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 54 кг есірткі тәркіледі, оның ішінде 52 кг марихуана және 106,6 гр героин, 2,4 кг гашиш және 16,3 гр синтетикалық есірткі бар.

Айта кету керек, есірткімен күреске азаматтар да көмектесе алады. Мәселен, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің WhatsApp (+77777856651) «қауырт желісіне» бір айдың ішінде есірткінің заңсыз айналымы туралы 298 хабарлама келіп түскен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *