Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ПАВЛОДАР, 24 қазан. Бүгін , 24 қазан күні «Павлодар Аэропорт» аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулары өткізілуде, деп терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабқа сілтеме жасап  pavlodarnews.kz  хабарлайды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолданып отырып, барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штаб күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Облыс орталығының қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз.

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *