Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әскери қызметшілер Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» оқу-жаттығуларына қатысады

ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығулары Тәжікстанда «Харб-Майдон» полигонында өтуде. Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын екінші кезең басталады.

Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, соның ішінде бітімгершілік ротасы, ӘҚК Әскери-әуе күштерінің барлығы 73 әскери қызметшісі, сондай-ақ орналасу әуеайлақтарынан оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын Су-30СМ жойғыш звеносы қатысады.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері таулы-шөлді жерлерде бітімгершілік контингенттерін тағайындау жөніндегі міндеттерге дайындайды және бейбітшілікті қолдау бойынша бірлескен операция өткізеді.

Практикалық іс-қимылдар барысында әскери қызметшілер жергілікті жерді патрульдеуді, бақылау-өткізу пункттерінде қызметті ұйымдастыруды, жеке құрамның колонналарды алып жүру кезіндегі іс-қимылын, елді мекенді оқшаулауды және жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауды пысықтайды.

Қатысушылар бірлескен жұмыстың әдісі мен тәртібін зерттеді. Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-майор Вячеслав Гуров бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны өткізуге ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын алды.

«Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2019 жылға арналған бекітілген жоспары аясында өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *