ҚАРАҒАНДЫ, 28 қазан. Қарағандыда синтетикалық есірткі затын сатушы қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.
Қызметкерлердің мәліментінше, күдікті оны Ресейден көлік арқылы жеткізген. Кейін басқа есірткі заттарымен араластырып, ғаламтор арқылы сатпақ болған көрінеді. Құнды тауарын аулада көміп кетіп отырыпты.
Бұл синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтаған алғашқы күдікті. Полицейлердің тінту жұмыстары барысында күдіктіден сатылуға дайын 100 граммнан астам психикалық белсенді заттар тәркіленген.
«Полиция қызметкерлерін көрген кезде олар сасқалақтап жан жағына қарап білдіріп қояды. Біздің нарядты көрген бетте адам қашпақ болып, өзін күдікті сезініп, сол уақытта жедел ұсталынып оның қалтасынан заңсыз затты тапты», — дед іқалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің рота командирі Айдос Асылхан.
Бұл – биыл ұсталған екінші азамат. Осыған дейін есірткі сатты деген айыппен педагог-маман қамауға алынған еді. Ол енді 15 жылға сотталуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айынан бастап есірткі заттарының жаңа тізімі бекітілді. Бұл жиынтыққа синтетикалық есірткі түрлерінің барлығы енгізілген. Бұған дейін кейбір синтетикалық есірткілер тізімге енгізілмеген еді. Осының салдарынан есірткі саудасымен ешқандай жазасыз айналысуға жол берілген болатын.
Тәркіленген дәлелдеме заттарды сараптамаға жіберіп оның нәтижесі дайын болғаннан кейін біз олардың есірткі заттардың қалай, қандай жолмен алғандарын толық тексереміз. Ұялы телефондарындағы барлық жазбаларды талдап, қандай сайттар арқылы сатылғанын және сатып алынғандығын анықтап болған соң, іс сотқа жолданады», — дейді полиция басқармасы басшысының орынбасары Шахназар Салин.
Синтетикалық есірткілерге ғаламтордағы түрлі сайттар арқылы жарнама жүргізіледі. Олар көбінесе қаладағы көпқабатты үйлердің қабырғасында, көлікжайлар мен қоршаулардың сыртына жазылады.
Жыл басынан бері полицейлермен еріктілер синтетикалық есірткіні жарнамалаған 400 ден астам сайтты осындай тәсілмен өшірген. Айта кету керек, биыл аймақта 260 келіге жуық есіркі заттары тәркіленген. Олардың ішінде марихуана, гашиш, героин мен психикалық белсенді заттар бар.