НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. ДАИШ лаңкестік ұйымы жетекшісінің көзін жойған АҚШ операциясына қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Кеше АҚШ Президенті Д.Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымы жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады. Оларға Түркия мен Ресей қолдау көрсеткен. Қазақстан да бұл іске қатысты. Қазақстанның аталған операцияға тікелей қатысы жоқ, дегенмен лаңкестікпен күресте халықаралық деңгейде күресуші ел болып табылады. Біздің ел терроризмді жою жолында түрлі бастамалар көтереді, соның бір дәлелі «Астана процесі». Бұл процесс Сирия елінің қайта қалпына келуіне зор үлесін қосты», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 27 қазан күні ДАИШ лаңкестік ұйымының жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади Сирияда Американың әскерилері жүргізген операция кезінде көз жұмды. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлім етті.