ӨСКЕМЕН, 29 қазан. «Өскемен — Антитеррор 2019» тактикалық оқу-жаттығуын Ұлан аудандық және облыстық лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабы өткізеді, деп хабарлайды yk.kz .
Олар сонымен қатар Қасым Қайсенов ауылын да қамтиды.
Оқу-жаттығулар барысында арнайы күштер белгіленген террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі шеңберінде лаңкестерді бейтараптандыру және жою үшін арнайы операциясын жүзеге асырады.
Оқу-жаттығулар барысында терроризмге осал нысандарда ескерту жүйесін жетілдіру және лаңкестік актілерінің түрлі сценарийлеріне жауап беру мәселелері қарастырылады, деп хабарлады штаб.
Басты назар лаңкестік актілердің алдын-алуға, жолын кесуге және олардың салдарын жоюға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған.
Өскемен қаласы мен Қасым Қайсенов ауылының тұрғындары мен қонақтарың тыныштық сақтап, уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қарауды сұрайды.