Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін экстремистері әлеуметтік желі арқылы аңғал жастарды арбап жатыр

ҚАРАҒАНДЫ, 30 қазан. Діни экстремизимнің алдын алу үшін жастардың діни сауатын жетілдіру керек. Дұрыс бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттауымыз қажет. Осы мақсатта Қарағандыда дін істері жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті.

Дін істері жөніндегі комитеттің мәліметінше, экстремистік және террорлық 22 топқа Қазақстан аумағында тыйым салынған. Дегенмен, олар әлеуметтік желі арқылы аңғал жастарды арбауын тоқтатар емес. Сондықтан жат ағыммен күрестің ең тиімді жолы жастардың діни сауатын жетілдіру. Екі күндік семинарда мамандар студенттерге түрлі ақпаратты талдауды үйретті.

«Бірнішіден, кез-келген ақпаратты тексеру, оның түп негізін көре білу, қайдан шыққанын, қайнар көзін анықтай білуді үйретеміз. Себебі қазір жастардың адасуы ол ақпаратты нақты білмеуінен болып табылады. Экстремистік көзқарастарды сейілту үшін біз бір-бірімізге деген жақсы достық, ынтымақтастық сезімдерді жастардың бойында нығайту керекпіз деп ойлаймын», — деді жастар көшбасшысы  Уәлихан Тұрарбекұлы.

Семинар әзірге еліміздің ең ірі 5 қаласында өткізіліп жатыр. Мамандар шамамен 10 мыңға жуық адамды қамтимыз деп отыр. Ал алдағы жылы өзге де өңірлерде ұйымдастырылмақ. Игі шара жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуіне көп септігін тигізеді, — дейді студенттер.

«Бұл бізге жалпы болашақта осы дін жөнінде, басқа да елімізде болып жатқан маңызды мәселелердің дұрыстығын немесе бұрыстығын ажыратуға көмектеседі деп ойлаймын. Осындай семинар-тренингтер көп өткізілетін болса қазақстандықтардың дін жөніндегі сауаттылығы арта түседі деген ойдамын», — деді  Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Сәбина Жұмажанова.

Бұл күні семинарға қатысушылар діни экстремизмге қарсы флеш-моб өткізді. Сондай-ақ жас көшбасшылар арасында республикалық байқау жарияланды. Жеңімпаздар жуырда «Әлеуметтік желідегі үздік жазба», «Діни экстремизмге қарсы үздік шара» және «Еріктілер қозғалысын үздік ұйымдастырушы» аталымдары бойынша марапатталмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *