НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Францияның Байонна қаласындағы мешітке келушілерді атқан қарт адам Нотр-Дам-де-Паридегі өрт үшін кек алғысы келді. Мұндай мәлімдемені жергілікті прокурор Марк Марье жасады, деп Islam-today хабарлайды.
2015 жылы жергілікті сайлауға «Ұлттықфронт» тарапынан қатысқан 84-жастағы француз Клод Сенке, Париждегі өртті мұсылман қауымының өкілдері ұйымдастырғанына сенімді, деп атап өтті Марье.
«Жауап алу оның психикалық денсаулық жағдайына байланысты болмай қалды», — деді прокурор. Марье зейнеткерге психиатриялық сараптамадан өту керектігін айтты.