Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризм насихаттағаны үшін 10 жыл түрмеде отырған жігіт өкінішін айтты

АҚТӨБЕ, 31 қазан. 19 жасында абықтыдан бір шыққан ақтөбелік жігіт Ермек Елтаев өз оқиғасымен бөлісті. Ол терроризмді насихаттап, тыйым салынған видеоларды қарағаны үшін бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отыз жасқа қарағанында бостандыққа шыққан жігіт басқаларға сабақ болуы үшін өз жағдайын баяндады. Ол 2008 жылы 18 жасында намаз оқуды бастаған.

«Ол кезде Қандыағаш қаласында мазхаб ұстанатындар өте аз болатын. Интернеттің енді дамып жатқан кезі. Жиһадқа шығуға қатысты неше түрлі видеолар жүрді. Жас болдық, бала болдық…

Діни біліміміздің жоқтығынан қателесіп, мешіттен білім алған жоқпыз. Адасушылыққа түсіп қалдық.

2009 жылдары мешіттен тыс үйлерде жамағат болып жиналып, неше түрлі жат ағымның лекцияларын тыңдап, видеолар көрдік», — дейді Ермек Елтаев.

Жас ғұмыры темір тордың ар жағында өткен жігіт кешегі күнді өкінішпен еске алады.

«Тағдыр, сынақ шығар… Сол он жылдың ішінде имамдармен, теологтармен кездестік. Ойлануға уақыт жеткілікті болды. Қазір Әбу Ханифа мазхабымен құлшылық қылып жүрмін.

Ислам діні әрқашан ата-анаға жақсылық қылуды насихаттаған. Туыстық қатынасқа көп көңіл бөлген.

Жастарға айтарым, бәріміз қазақпыз, ата-бабамыз қазақ. Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Бір жолда бір басшыға, бір имамға бағынып, тату өмір сүргенге жетсін! Бөлінгенді бәрі жейді, бір болайық», — дейді ол.

«Сергелдең» бейнебаянын Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы дайындаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *