Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚКҰ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы Қазақстан жүргізген «Жусан» арнайы операциясына жоғары баға берді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның нәтижесінде 600 азаматымыз отанына қайтарылған болатын. Сондай-ақ, жасақшылар қатарына жалдау және содырлар мен қаруды жеткізуге тосқауыл қоюға бағытталған бірлескен «Наемник» операциясының тиімділігін атап өткен. Бұл туралы Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Қазақстан ұсынған терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексін сақтаудың маңыздылығын атап кетті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко жанжалды аймақтардан өз азаматтарын шығару жоспары туралы баяндаған.

«Алдағы күндері Иракта жетімханаларда тұрып жатқан бір топ қазақстандық баланы отанына қайтаруды көздеп отырмыз. Бірақ бір мәселе бар. Олар террорлық әрекетке қатысқаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған аналарымен бірге тұрып жатыр. Бұл жөнінде Ирак үкіметімен келіссөздер жүргізіп келеміз», — деді ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко.

«Наемник» операциясын қорытындылап, Қазақстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдары бұл мәселе бойынша тиімді әрі тиянақты жұмыс атқарғанын айтқым келеді. Бізге жолдаған ұсыныстары өте пайдалы. Қазақстанның бұл іске қосқан үлесін жоғары бағалап отырмыз», — деп мәлімдеді ҰҚКҰ бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *