НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Елімізде марихуана есірткісін заңды түрде қолдану мәселесіне қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Қазақстанда марихуананы заңдастыру жағы қаралып жатқан жоқ. Мысалыға айтатын болсақ, Шу алқабында өсетін марихуананың есірткілік қуаты 5 пайызды құрайды. Ал Нидерланды елінде 15-17 пайызды құрайды, олар да кезінде 5 пайыздан бастаған. Кез келген нашақор кезінде аздаған дозадан бастаған. Бүгінде марихуанаға рұқсат берген мемлекеттер басқа проблемаға тап болуда. Ол елдерде героин орнын метадон (синтетикалық есірткі түрі) есірткісі алмастыруда. Дегенмен ескірткі алмастырғыш қолданатын нашақорлар, оған қанағаттанбай героин іздейді. Ешқандай нашақор бірден ірі көлемде және жоғары дозалы ескірткіні қолданбайды, бәрі де азғантайдан басталады. Сондықтан Ішкі істер министрлігі кез келген есірткіні, оның ішінде марихуананы да заңдастыруға үзілді-кесілді қарсы», — деді ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Мәткенов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.