Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Елордада 50 жастағы қала тұрғынынан ірі көлемде героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын есірткі сатқаны үшін ұстады. Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша аса ірі көлемде героин табылып, тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекеттенді. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде», — деді Полиция департаментінен.

Жыл басынан елордалық полицейлер 100 кг астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде героин, синтетикалық есірткі тәркіледі.

«Есірткіні сату» бабымен – 65, есірткіге қатысты түрлі өзге де қылмыстар бойынша 345 қылмыстық іс қозғалды.

«Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде есірткінің жиынтық кестесіне өзгірістер енгізілді. Осы өзгерістер заңды күшіне енуінен бастап Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы синтетикалық есірткімен байланысты 58 қылмыстық іс тіркеді. Сондай-ақ интернет-кеңістікті мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Оларды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданды. Сонымен қатар, үйлердің қабырғаларында және кіреберістерде есірткі сатылатын орындарды насихаттайтын 200-ден астам граффити-сурет жойылды. Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда», — деді ведомстводан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *