НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Кем дегенде 4 полицей мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп India Today басылымына сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Қайғылы жағдай Манипур штатының Импхале қаласында болды. Хабарланғандай, сауда орындарының бірінде қолдан жасалған бомба іске қосылған. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді. Полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алып, оны ұйымдастырған қылмыскерді іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, Манипурда бірнеше сепаратистік топ әрекет етеді, әзірге олардың ешқайсысы бұл акцияға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алмады.