Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанның шекара бекетіне шабуылдаған ДАИШ содырлары болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасағандар ауғанстандық ДАИШ (террорлық ұйым, Қазақстан мен Тәжікстан аумағында тыйым салынған) содырлары болып шықты. Олар лаңкестік жасауды жоспарлағандарын айтты, — деп РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлайды.  

«3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекаражасағынан Кубодиен аумағына өткен», — делінген Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік Мемкомитетінің шекара әскері басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталғандар Тәжікстанға нақты мақсатпен өткенін айтқан — елде бейберекетсіздік орнатып жарылыстар ұйымдастырмақ болған.

Айта кетейік, түнде 20 адамнан құралған, маска киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысында 60 шақырым жердегі «Султанабад» шекара жасағы әскери бөлімінің № 4 «Ишкобод» шекара бекетіне шабуылдады.

Шабуыл барысында белгісіз топ бес автоматты алып үлгерген. «Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты», — деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіндегілер.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылды, тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *