Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Өзбекстан астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады.

Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Армения үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің, Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің және Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері қатысты.

Кездесуге шақырылғандар ретінде ТМД Атқарушы комитетінің, Достастыққа қатысушы елдердің Лаңкестікке қарсы орталығының және Ресей мен Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимылын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының өкілдері 2017-2019 жылдарға арналған лаңкестікке және экстремизмнің өзге де күш көрсету көріністеріне қарсы күрестегі ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастық бағдарламасының іске асырылу қорытындыларын қарастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *