ТАРАЗ, 08 қараша. Тараз қаласында арнайы акция аясында 700-ге жуық граффити-жазулар жойылып, онымен айналысқан алты адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Тараз — Жасыл ел» және «Жас Сарбаз» мекемелерінің өкілдерін қатыстыра отырып, облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды алып тастау бойынша іс-шара өткізді. Нәтижесінде 700-ге жуық жазба өшіріліп, 6 адам ұсталған.