НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.