Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК контрабандалық есірткі арнасын жойды

АЛМАТЫ, 14 қараша. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сонымен, 2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны «К» және «Д» ұсталды.

Ұсталған «К»-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1.5 кг «гашиш» есірткі құралы мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу Интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.

Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар
Алматы қ. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *