Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Facebook әлеуметтік желісі терроризмді насихаттайтын посттардың 98% — ын жойды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Компания таратқан мәліметте, 2018 жылы 1,55 млрд жалған аккаунт өшірілгені айтылған. Facebook өшірген парақшалары жайлы бірінші рет мәлімет таратып отыр. Компания жалған ақпарат пен теріс мәлімет таратқан Instagram қолданушыларының парақшаларын да өшірген, деп Baq.kz хабарлайды. 

Сондай-ақ компания террористік ұйымдармен байланысы бар контенттерді жылдам анықтай алатындықтарын мәлімдеп отыр, бұл тұрғыда Facebook-тің анықтау мүмкіндігі 98,5%, Instagram-кі 92,2%.

Осы жылдың ІІІ тоқсанында компания Facebook-те жалаңаштанған және балаларға зорлық көрсетілген фотосы бар 11,6 млн материалды өшірген, ал Instagram-да осындай сипаттағы 754 000 пост өшіріліпті.

Сондай-ақ осы аралықта Facebook өз-өзіне қол салған немесе өзін жарақаттаған бейнелер мен фотолары бар 2,5 млн постты жойған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *