Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалағандар ұсталды

ТАРАЗ, 15 қараша. Таразда граффити-жазуларының авторы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, биыл 12 қарашада «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы тараздық тұрғын ұсталды.

«Күдікті кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын өзге де тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртынан есірткінің таралуына қатысты код сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазу өшірілді», — делінген полицейлердің хабарламасында.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттардың бұғатталғаны айтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *