Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда билбордтардағы есірткінің жарнамасы: полиция тапсырыс берушіні тапты

АЛМАТЫ, 20 қараша. Алматы қалалық полиция департаменті көшеде ілулі тұрған билбордтардағы есірткі жарнамаларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл факті Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өз назарына алды. Бұл, әрине барып тұрған бассыздық, сондықтан құқық қорғау органдарының ерекше назарына алынып, шұғыл әрекетті талап етеді.

Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп, бұл жарнамалық билбордты орналастырған компания, сонымен бірге тапсырыс берушілер анықталып, табылды. Олар жақын арада Алматы қалалық полиция департаментіне сұрақ-жауап алу үшін әкелінеді.

— Әрине, бұл іс-әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағаланып, кінәлілер жауапқа тартылады. Ол туралы кейінрек хабарлаймыз. Ал тапсырыспен жасалған визуальды өнім қайта жөнделіп, көшеге ілінеді, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *