Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Украинада ИМ басшыларының бірі Әл Бара Шишани ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. «Украина қауіпсіздік қызметі Грузияның ішкі істер министрлігімен және АҚШ-тың Орталық барлау басқармасымен бірлескен арнайы операцияның нәтижесінде» Киев облысында  «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым) террористік ұйымының басшыларының бірі ұсталды», — деп УҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazislam хабарлайды.

Әл Бара Шишанидің шын аты — Цезарь Тохосашвили, ол шешен, Грузияның Панкиси шатқалында туған. 2013 жылдан бастап ол Сирияда ИМ-нің (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым) әскери жетекшісі Әбу Умар аш-Шишанидің (Тархан Батирашвили) оң қолы болды.

2016 жылы Әбу Умар қайтыс болғаннан кейін Әл Бара Шишани Түркияға кетті, содан кейін 2018 жылы ол Украинада жалған атпен жасырынып жүрді.

Украина билігінің хабарлауынша, ол елге Түркиядан жалған төлқұжатпен келген. Жақында ол Киев облысында өзінің үйінің жанында ұсталды. Украинада жүріп ол ИМ-нің (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым) әлемдегі әрекеттерін басқарған.

Леван және Әл Бара аш-Шишани атымен белгілі Цезарь Тохосашвили қазір қамауда  экстрадицияны күтіп отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *