Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан мен Тәжікстан лаңкестікке қарсы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

 

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Тәжікстан мен Ауғанстан өкілдері лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуға келісті, деп   Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады .

Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі барысында бірқатар келісімдер жасалды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту және ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағына радикалды топтардың кіру қаупінің алдын алу болды.

Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Махмадали Ватанзода, Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Имомуддин Сатторов пен Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибтің жеке кездесуі болды.

Кездесу барысында тараптар халықаралық терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күресте Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *