Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістанда «Ислам мемлекеті» ұйымына мүше болуға шақырған ер адам ұсталды

ТҮРКІСТАН, 22 қараша. Түркістанда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға шақырып жүрген тұрғын ұсталды, деп ktk.kz хабарлайды. 

Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған.

Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің «жаңсақ» екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты. Өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, «салафизмді» үйретіпті.

Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүр екен. Алайда зорлық-зомбылықпен жәннатқа кіргісі кеп жүрген ол темір тордан бір-ақ шықты. Енді лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *