НҰР-СУЛТАН, 25 қараша. Ирактан эвакуацияланған екі бала Приморьеге келді, оларды туыстары қарсы алды, деп Приморье өлкесінің бала құқықтары жөніндегі губернатор жаңындағы уәкілетті Ирина Медведеваға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды .
Өткен аптада Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсі Бағдадтан Мәскеуге 32 баладан тұратын төртінші тобын эвакуациялады.Олар ИМ-не (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатысы бар деп тергеуде болған немесе айыпталған аналарымен бірге Ирак түрмелерінде немесе баспаналарда болған.
Ресей Федерациясының балалар омбудсмені Анна Кузнецова балалар Пенза және Ярославль облыстарындағы, Екатеринбург, Мәскеу, Челябинск, Тюмень, Шешенстан, Дагестан, Ингушетия, Приморье және басқа аймақтардағы туыстарына жіберілетінін айтты. Приморье билігі аймаққа мектепке дейінгі жастағы інісі мен әпкесі келетінін және оларды әжесі қарауына алатындығын хабарлады.
«Балалар Приморьеге келді, оларды туыстары қарсы алды. Отбасына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр», — деді Медведева.
Оның айтуынша, балалар жаңа өмір жағдайларына үйреніп келеді.
Бүгінгі таңда Ирактан 1 жастан 15 жасқа дейінгі 122 кәмелетке толмаған ресейлік бала шығарылды.