НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша. Испанияда полиция, гвардия және кеден қызметі үш тоннадан астам кокаин болған сүңгуір қайықты ұстау үшін бірлескен операция өткізді. Бұл туралы El Pais газетіне сілтеме жасай отырып gordonua.com хабарлады .
Кеме Колумбиядан Испанияның Понтеведра муниципалитетінің жағалауына келді.
Құқық қорғау органдары алдын-ала ақпарат бойынша кеменің экипажы ұсталды, екеуі де Эквадор елінің азаматтары.
Дереккөздің айтуынша, сүңгуір қайығы латынамерикалық Гайана Республикасында жасалған және «жылдар бойы қолданыста болған».