Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: лаңкестік шабуылдарда ИМ содырларының химикаттарды қолдануының қауіпі артып келеді

 

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Жауынгерлік әрекеттерде  аман қалған ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобынын содырлары кейінгі лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру үшін химиялық заттарды қолдануы мүмкін, деп Ресейдің Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымдағы тұрақты өкілі Александр Шульгин мәлімдеді, деп  Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

 «Біз ниеттес тобымен бірге, химиялық терроризммен,  әсіресе Таяу Шығыста, күресу туралы қатаң мәлімдеме идеясын алға тартамыз. Мәселе мынада, шабуылдардан кейін  аман қалған ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары өздерінің туған елдеріне оралуы мүмкін », — деді ол Гаагада Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның мүше-мемлекеттер конференциясының 24-сессиясында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Шульгин қолда бар ақпаратқа сәйкес,  ИМ  (ҚР тыйым салынған ұйым) бақылайтын аумақта қауіпті химиялық заттар бар қоймалар табылғанын еске салды.

«Бұл адамдар химиялық заттарды өңдеу дағдыларын игерді. Тұған елдеріне оралып, олар химиялық заттарды қолдана отырып лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыра алады », — деп атап өтті тұрақты өкіл.

Осыған байланысты ол Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға химиялық терроризммен күресу қажеттілігі туралы Ресейдің мәлімдемесін қабылдауды ұсынды .

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сирияның Меадин қаласында батыс өндірісінің қару-жарақтары бар ИМ-нің қоймасы табылған болатын. Қоймада Израиль, Америка және Батыс елдерінде өңдірілген мыңдаған қару мен оқ-дәрілер табылды.

Сонымен қатар, онда бронетранспортерлер мен басқа да бронетехника, логистикалық жабдықтар сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *