Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қытайдың оңтүстігінде 26 есірткі сатушы өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесілді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша. Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Хайнань провинциясының соты есірткінің заңсыз айналымына  байланысты алты іс бойынша 26 адамға  үкім шығарды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды

Хайнань провинциясының астанасы Хайкоу аралық халық соты 26 есірткі сатушыға үкім шығарды,  оның ішінде өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру да бар. Бұл қылмыстық істің тыңдалуы облыста 2017 — 2019 жылдар аралығында өткен есірткіге қарсы іс-шараның маңызды бөлігі болды.

Хайнань провинциясы Қытайда құрылған пилоттық еркін сауда аймағына айналды, сондықтан билік оны шетелдіктер үшін ерекше аймаққа айналдырмақшы. Сол себепті бұл жерде  есірткі сатушыларға орын болмады.

Соңғы үш жыл ішінде 250-ге жуық есірткі сатушыларға өлім жазасына кесу мен өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Билік есірткі сатушылардың өмірін одан әрі қиындатуға уәде берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *