НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша. Лондонда белгісіз біреу көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды6 бірнеше азамат жарақат алған,деп 24.kz хабарлайды.
Скотланд-Ярд шабуылға күдікті адамды атып өлтіргенін хабарлады. Ол Усман Хан есімді 28 жастағы азамат екені анықталды. Полицияның мәлімдеуінше, ол бұған дейін де істі болыпты. Нақтырақ айтқанда, жас жігіт 2012 жылы терроризммен байланысты қылмыс үшін қамауға алынған. Бірақ өткен жылдың желтоқсанында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Оқыс оқиғаға байланысты қазір тәртіп сақшылары қылмыскердің үйінде тінту жүргізіп жатыр. Әзірге ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Британ полициясы мұны террорлық шабуыл деп отыр.