Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекеттік Дума есірткі саудагерлерін террористерге теңестіруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. «Справедливая Россия» депутаты Олег Нилов Мемлекеттік Думаға есірткі саудагерлерін террористерге теңестіру туралы заң жобасын енгізуге ниетті, деп хабарлайды REGNUM.

«Іс жүзінде біз есірткі сатушыларын террористік ұйым деңгейінде  және олардың идеяларын фашистік нацистік ұйымдар деңгейінде тануымыз керек, өйткені Ресейде немесе басқа елдерде миллиондаған адамдарды  өлтіру, әрине, бұл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс», — деді Нилов Мемлекеттік думадағы дөңгелек үстел барысында.

Парламент мүшесі есірткіні насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді талап етеді.

«Фашизм және нацизмді насихаттау мен  есірткіні тарату және оны пайдалануды насихаттау арасындағы айырмашылығы неде? Менің ойымша, ешқандай айырмашылық  жоқ. Демек, бұл насихат қылмыстық жазалануы керек дегенді білдіреді », — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *