Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Студенттерге жат ағымға қарсы тұрудың жолдары түсіндірілді

ТҮРКІСТАН, 05 желтоқсан. «Жастар жылына» орай жастардың бойында отансүйгіштік, патриотизмді қалыптастыру, рухани құндылықтарды бойына сіңіру және кереғар ағымдардың алдын алу мақсатында бүгін «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында Жетісай ауданының Жетісай қаласында орналасқан «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің» студент жастарымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев семинар кездесу өткізді. Бұл туралы  kazislam.kz жазады. 

Ордалы оқу орнының стдуент жастарына маман М. Салиходжаев діни экстремизм мен терроризмге бой алдыруға алып баратын жолдар туралы толық мәлімет берді. Қоғамның белсенді күші саналатын жастарымыздың жат ағымға еріп кетуге түрткі болып жатқан жағдаяттармен таныстырып, олардан бойды аулақ ұстаудың тәсілдерімен де бөлісті.

Жат ағым жақтастарының тарихымызды, салт-дәстүр мен мәдениетімізді жоққа шығарудағы басты мақсат – сындарлы жылдар сызат түсіре алмаған Тәуелсіздігімізден айыру, ұлттық санамыздан жұрдай ету, тоқ етерін айтқанда – дін атын жамыла отырып Елдігімізді жою екендігі баса назар аударып айтылды. Студент жастардың ұлттық рухын көтере отырып, деструктивті діни ағым өкілдеріне қарсы тұру мақсатында тарихтан белгілі батыр бабаларымыздың еліміздің қазіргі бейбіт, мамыражай күй кешуі жолындағы ерен еңбектері үлгі ретінде саналарында және бір рет жаңғыртылды.

Өз ұлтының тарихын білмеу, оның рухани құндылықтарын қастерлемей ұмыт қалдыру, Елі үшін аянбай тер төгуге деген асыл қасиеттің әрбір Отандасымыздың бойында болмауы жат ағым қатарына апарар тура жол екендігі жастардың санасына сіңімді түрде жеткізілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *