НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Польша полициясы есірткі тасымалдаумен айналысып келген ірі қылмыстық топты ұстап, 2 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды.
Арнайы операция барысында 7 адам тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шара бірнеше айға созылған бақылаудан кейін жүзеге асырылған. Ол үшін тәртіп сақшылары Колумбиядан келетін жүктің Гдынядағы портқа келген сәтін күткен. Нәтижесінде 2 контейнерге жасырынған 74 қап кокаин табылды. Тергеушілердің айтуынша, заңсыз жүктің құны 33 миллиард рубль болады.