ОРАЛ, 09 желтоқсан. Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданының 1972 жылғы тұрғыны ер адамға 37,25 грамм кептірілген марихуананы заңсыз сатқан.
Тінту кезінде ауласындағы шаруашылық құрылысынан 4356,99 грамм марихуана табылды. Оған қоса үйінен 73,64 грамм кептірілген марихуана шықты.
Есірткінің жалпы салмағы 4430,63 грамды құрады.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі заттарын заңсыз өткізу) және 2-бөлігіне (сату мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.