НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Сомали астанасы Могадишодағы қонақүйлердің біріне «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Салдарынан екі адам оққа ұшып мерт болды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Белгілі болғандай, шабуыл кезінде ғимаратта ондаған адам болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл қонақ үйге шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер жиі келетін.
Айта кетейік, «Аш-Шабаб» – елдегі билікке қарсы қарулы әрекет жасап келе жатқан экстремистік ұйым. Ұйым мүшелері БҰҰ-ның Сомалидегі гуманитарлық қызметіне кедергі жасаумен айналысып келеді.