Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысы тұрғынынан 4 келіге жуық есірткі заты тіркіленді

ТАРАЗ, 13 желтоқсан.  Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жуалы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсталған күдіктіден салмағы 3 келі 600 грамм болатын «гашиш» есірткісі табылған. Ол оны көмбеде жасырын сақтаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Facebook парақшасында жазды.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген А.Оразалиев жазбасында.

Сондай-ақ, департамент басшысы өңірде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізілетінін жазған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *