НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Ресей астанасында террористік шабуыл жасамақ болған «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) халықаралық террористік тобының бес мүшесі Мәскеуде ұсталды, деп Islam-today хабарлайды.
ФҚҚ сайтында хабарланғандай, «диверсиялық- террористік актілерді жасауды жоспарлаған » топқа Ресейдің екі және Орталық Азия елдерінің үш азаматы кірді.
«Тінту кезінде күдіктілерден ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) эмиссарларының нұсқаулықтары бар байланыс құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу нәтижесінде бандиттерге тиесілі құпия орын табылды, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, оқ-дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш зат тәркіленді», — деп атап өтті департаментте.
Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.
Сот іс фигуранттарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері жалғасуда.