НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. «Боко Харам» содырлары Нигерияның солтүстік-шығысында 19 адамды өлтірді, деп Associated Press-ке сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Фулани халықтарының малшылары содырларға қарсы әрекет көрсеткен кезде құрбан болды.
«Террористер қақтығыстар кезінде 19 малшыны өлтірді » , — деді полицияның өкілі Умар Качалла.
Естеріңізге салсақ, «Боко Харам» содырлары Нигерия территориясында лаңкестік әрекеттерге белсенді қатысады. Содырлар шариғат негізінде мемлекет құру үшін күресіп келеді.