НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Француз дипломатиясының басшысы Жан-Ив Ле Дриан Африкадағы Сахел аймағындағы террористік топтар Таяу Шығысқа жылжуы мүмкін деп ескертті, деп BFM TV сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Франция сыртқы істер министрінің сөзіне қарағанда Сахелдегі террористік топтар Чад пен Нигерияға «доға» жасап , Таяу Шығысқа «оралуы» мүмкін.
«Осындай қауіп бар, лаңкестік топтардың доғасы құрылуда. Бұл террористік топтардың Чад пен Нигерияға таралу қаупі бар. Содырлар Ливияда да әрекет жасауда. Мұның бәрі террорлық доғаны құрайды », — деді Франция СІМ басшысы «Саясат мәселелері» бағдарламасында.
Министр сондай-ақ осы аймақтағы француз күштерінің жағдайын «айқындау» үшін қаңтар айында Францияда Сахел аймағының бес мемлекет басшыларымен саммит өткізу қажеттілігін еске салды.
Бұдан бұрын хабарлағандай , Франция президенті Эммануэль Макрон Сахел аймағындағы одақтастарды «терроризмге» қарсы күресте «қатысуын күшейтуге» шақырды.