НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Қытайдың шығысындағы Юньнань провинциясының полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстап, олардан 133.2 кг метамфетамин тәркіледі, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Қытай шекарасынан заңсыз есірткі тасымалы жоспарланғандығы туралы құпия хабар алғаннан кейін, Юньнань провинциясының Баошань қаласының Лонглинг округінің полициясы тергеу жүргізу үшін жұмыс тобын жинады.
6 желтоқсанда екі айлық тергеуден кейін полицейлер Линцанг қаласы, Цанъюань уезіндегі Қытай-Мьянма шекарасында күдіктілерді қолға түсірді. Олар жол талғамайтын көліктің артқы орындығында салмағы 133,2 кг болатын метамфетамин бар жеті қап алып келе жатқан.
Напомним, что провинция Юньнань является китайской передовой по борьбе с незаконным оборотом наркотиков, поскольку граничит с так называемым «золотым треугольником» наркоторговли, в который входят Таиланд, Лаос и Мьянма.
Еске сала кетейік, Юньнань есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте Қытайдың алдыңғы қатарында, өйткені ол Таиланд, Лаос және Мьянма кіретін есірткі саудасының «алтын үшбұрышымен» шектеседі.