Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Башар Асад АҚШ әскери күштерін Сириядан шығару тәсілдерін атады

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Сирия президенті Башар Асад АҚШ күштерін Сириядан шығару үшін лаңкестерді жойып, АҚШ-пен жұмыс істейтін жергілікті құрылымдарды Дамаск жағына тарту керек деп санайды. Ол бұл туралы Қытайдың«Феникс» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп gossluzhba.kz хабарлайды. 

«Біріншіден, Американың Сирияда болуы Сирия аумағында лаңкестердің болуынан туындаған. Сондықтан біз оларды жоюымыз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Лаңкестерді жою Американың қатысуын қандай да бір дәрежеде әлсіретеді», – деді Асад. Ол сонымен қатар Сирияда «АҚШ-тың қолдауымен әрекет ететін сириялық күштер бар» деп толықтырды.

«Бұл құрылымдарды әртүрлі жолдармен, әсіресе диалог арқылы, олардың Сирия үкіметінің жағына өтуі және бүкіл елді азат ету процесіне қатысуы ортақ мүдде екендігіне сендіру керек. Сонда Американың Сирияда болуының ешбір келешегі болмайды», – деді Сирия басшысы.

«Трамп – АҚШ-тың ең үздік президенті. Оның саясаты салмақты болғандықтан емес, [ниеттері] барынша айқын болғандықтан. Ол: «Біз мұнайды қалаймыз», «Біз әлдебіреуден құтылғымыз келеді», «Біз ақша үшін қызметтер көрсетуге ниеттіміз» дейді. Бұл америкалық саясаттың шынайы көрінісі. Түсінікті қарсыластан артық не бар?», – деп атап өтті Асад.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *