НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Ауғанстандағы жағдай нашарлай түсуде, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Ауғанстанның солтүстігінде Орталық Азияға шабуыл жасау үшін күштерін шоғырландыруда, деп мәлімдеді бүгін Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, деп gossluzhba.kz хабарлайды.
«Игилдер негізгі күш-жігерін қазірдің өзінде екі мыңнан астам содырлар жиналған Ауғанстанның солтүстігіне өтуге шоғырландыруда», – деп ескертті ол.
Патрушевтің айтуынша, лаңкестер Орталық Азия аймағына Тәжікстан мен Түркіменстан арқылы басып кіруді жоспарлап отыр. Ол содырлардың түпкі мақсаты – Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің аумағын қамтитын Ұлы Хорасан құру екенін айтты.