Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда діндарлар үшін сенім телефоны ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Өзбекстанда мұсылмандарға діни білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға көмектесетін call-орталық ашылды.  Ресей мұсылмандары діни жиынының жетекшісі Альбир Крганов діндарлар үшін сенім телефонының пайдасы туралы айтты, деп жазады Sputnik Өзбекстан.

Бұл өте жағымды және оңды тәжірибе, — деді Ресей мұсылмандары діни жиынының жетекшісі Альбир Крганов.

Сарапшы мұндай тәжірибе ислам елдерінде кеңінен таралғанын айтты. Мешітке немесе кез-келген басқа діни ұйымға қоңырау шалып, сарапшылардан кез-келген діни сауалдарға толық жауап алуға болады.

«Бұл сонымен бірге жалған діни идеялардың алдын алуға үлкен үлес қосады. Өйткені күмәнді билігі бар немесе білімі жоқ адамдардан жауап іздегеннен гөрі,  ресми құрылыммен байланысып, жауап алған жақсы», — деді Крганов.

Ол исламда Интернеттен қосымша ақпарат алуға тыйым салынбағанын және адамның діни мәселені көпке қалдырмай түсінгені  өте ыңғайлы екенін айтты.

Сіз өзіңіздің сұрақтарыңызға дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 17.00-ге дейін жауап ала аласыз (намаз сағаттарынан басқа, демалыс — жексенбі).

Сall-орталық нөмірі 78-150-33-44.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *