Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды.

Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикалдық топтың және 34 жекелеген экстремистің қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру қамтамасыз етілді. 2019 жылға белгіленген барлық мақсатты индикаторлар мәніне қол жеткізілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің №2396 қарары шеңберінде авиациялық көліктегі жолаушылар легіне профайлер- мамандарының қызметі ұйымдастырылды.

Өңірлік терроризмге қарсы комиссиялар тұрғысынан терроризмнің алдын алудың, оның ішінде жастар ортасында ұйымдастырушылық тетіктері жетілдірілді.

Ауқымды және адрестік ақпараттық-ұйымдастырушылық іс-шаралармен 2,5 млн-нан астам адам қамтылды.

Радикалдық көзқарастан 907 адам қайтарылды. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы радикалсыздандырылды.

Жергілікті жерлерде «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасуда.

Қазақстандық қоғамды терроризм және экстремизмді насихаттаудан қорғау мақсатында интернет кеңістігін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жүйе әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті айқындауға және артынша бұғаттауға мүмкіндік береді.

Радикалдық ортаға қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың түсуіне жол бермеудің қосымша алдын алу тетіктері енгізілді. Нәтижесінде осындай 17 жағдайға жол берілмеді.

Қарудың елестеткіш түрлерінің айналымына бақылау орнатылды. Өндірістік жарылғыш заттар мен материалдарды, қоймаларды және әскери бөлімдердің зымыран-артиллериялық қару-жарағын сақтау орындарын күзету режимі күшейтілді.

Мемлекеттік органдардың басшыларымен аса маңызды объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін жетілдіру шаралары қаралды.

ТҚО отырысының қорытындылары бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды. 2020 жылға арналған ТҚО жұмыс жоспары мақұлданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *