НУР-СУЛТАН, 24 желтоқсан. Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әскери базасына содырлардың шабуылы салдарынан жеті әскери көз жұмды, деп Ауғанстан қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Шабуылдың нәтижесінде жеті ауған әскері қайтыс болып, үшеуі жарақат алды. NDS үш қызметкері де жарақат алды », — делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, «лаңкестер Балх провинциясындағы Давлат Абад ауданындығы Ауғанстан армиясының және Ұлттық қауіпсіздік директоратының (NDS) әскери базасына шабуыл жасады».