НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Буркина-Фасоның Арбинда қаласына лаңкестер шабуыл жасап, 35 бейбіт тұрғын мен 7 әскери қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Қауіпсіздік күштерінің 20-дан астам өкілі жарақат алған. Опат болғандардың көбі – әйел. Содырлар қаладағы әскери базаны шабуылдап, шаһарда жарылыстар ұйымдастырған. Қақтығыс бірнеше сағатқа созылып, күштік құрылымдар 80-ге жуық лаңкестің көзін жойды. Бірақ қалаға шабуыл жасағандардың қай топтың өкілдері екені әлі белгісіз.